Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма су қоймасында 24 адам мінген қайық батып кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Оқыс оқиға жексенбіде сағат 19.00-де «Аюда» демалыс аймағынан үш шақырым қашықтықта болған.
«Секундына 20 метр жылдамдықпен соққан дауыл салдарынан «Садко» демалыс орнынан «Аюда» базасына бет алған қайық суға бата бастаған. Қайықта 24 адам, яғни 21 жолаушы және үш команда жетекшісі болған», –деді Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.
Суға батып бара жатқан қайықтағыларды жағажайдағы демалушылар жағаға алып шыққан. Олар гидроскутермен бірінші балаларды, кейіннен ересек азаматтарды жағаға жеткізді. 21 жолаушының барлығын аман-есен құтқарды.