Жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға барады

Жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға барады

20-21 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан ата қаласына (Қырғызстан) барады. Бұл туралы Ақорданы баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін жыл басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшыларымен кездескенін хабарлаған болатынбыз.