Қазақстандық «Патриоттар уақыты» фильмі рекордтық көрсеткішпен халықаралық кинонарыққа шықты

фильм

Қазақстанның «Патриоттар уақыты» заманауи экшн фильмі Ресей экрандарында көрсетілді. Кинотуынды көрші мемлекетте бұрын шығарылған отандық фильмдер арасында кең танымалдылыққа  ие болды.

«Патриоттар уақыты» кинотуындысы – отбасылық дәстүрді жалғастырған және Қазақстан Қарулы Күштерінде адал қызмет етіп жүрген ағайынды қос жігіт туралы хикая. Сценарий бойынша олар ел қауіпсіздігіне сырттан қауіп төнген кезде адамдардың өмірін сақтап қалу үшін бірігіп, отбасы және Отаны өздері үшін ең құндысы екенін сезінеді.

Фильмді екі жарым жыл бойы Atlas Entertainment кинокомпаниясы түсірді. Оның продюсері – Нью-Йорк киноакадемиясының түлегі Ақбар Құрманбаев. Картина идеясының авторы – Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.

Фильмнің еліміздегі тұңғыш көрсетілімі 28 сәуірде өтті. Қырғызстанда мамыр айында тұсаукесері өтсе, Ресей кинотеатрларында маусым айынан бастап көпшілік назарына ұсыныла бастады.

«Партиоттар уақыты» Ресейдің 700-ден астам кинотеатрында көрсетіліп, қазақстандық картиналар арасындағы ең танымалы болды. Фильм Беларусь елінің кинотеатрларында да ұсынылды, алдағы уақытта ТМД-ның өзге елдерінде де прокатқа шықпақ.

– Atlas Entertainment кинокомпаниясы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында XIII ғасырда Алтын Орданың қалыптасуы кезінде орын алатын нақты оқиғаларға негізделген шытырман оқиғалы драма жанрында «Папаның елшісі» көркем фильмін шығаруды жоспарлап отыр. Онда картинаның кейіпкері Папа нунцийі көшпенділер өркениетімен танысады», – деді Акбар Құрманбаев. – Конфессияаралық диалог тақырыбы осы жылдың қыркүйегінде Қазақстанда жоспарланған елдер арасындағы мәдени алмасуды қазіргі заманғы нығайтуға жаңа серпін беретін «Әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне» байланысты өзекті болмақ.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.