Атқарушы хатшы «АМANAT»-тың өңірлердегі филиалдарымен жиын өткізді
Атқарушы хатшы «АМANAT»-тың өңірлердегі филиалдарымен жиын өткізді
385
оқылды
«AMANAT»-тың атқарушы хатшысы Асхат Оралов бейнеконференция байланысы арқылы партияның өңірлердегі филиалдарымен жиын өткізді. Онда халықпен кездесулер кезінде берілген уәделердің орындалу барысымен танысты. Аманаттықтар ел аймақтарының басым көпшілігінде болып, онда сайлауалды уәделердің орындалу барысын тексеріп қана қоймай, азаматтардың түрлі мәселелерге қатысты өтініштерін қарады. Мәселен, қаңтар қасіреті салдарынан кәсібі зардап шеккен Алматыдағы кәсіпкерлермен кездесу барысында партиялықтар өтемақыны уақытылы төлеу мәселесін бақылауда ұстауға уәде берді. Жиын барысында партия қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев 1594 кәсіпкер, яғни 99%-ы 14,5 млрд теңге көлемінде қаржылай төлем алғанын, бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай да жалғасып жатқанын мәлімдеді. Орал қаласында дарынды балаларға арналған №8 мамандандырылған мектеп оқушыларының ата-аналары білім ошағының бірнеше жылдан бері жөндеуге жабылғанын, алайда ешқандай жұмыс жүргізілмей жатқанын айтып шағымданды.  width= Партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаевтың айтуынша, облыстық бюджетті нақтылау кезінде жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінді. Жұмыс басталып кетті. Оның аяқталу уақыты 2023 жылғы тамызға жоспарланған. Шымкент қаласында Асхат Оралов «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында позитронды-эмиссиялық томографияға арналған жабдық орнатылған қалалық онкологиялық орталыққа барды. Шымкент қаласының және оған жақын орналасқан облыстардың тұрғындары әлі күнге дейін заманауи жабдықта тегін тексеруден өте алмайды. Себебі ПЭТ-зертхана пайдалануға берілмеген. Қалалық филиалдың мәліметінше, томограф қыркүйек айында іске қосылады.  width= Түркістан облысының Саран ауданында Шорнақ ауылының тұрғындары аудан құрылғаннан бері бір жылдан астам уақыт өтсе де, жолдың нашарлығына және көше жарық жоғына назар аударды. Партия аймақтық филиалы басшылығының айтуынша, Шорнақ ауылындағы көшелерді асфальттау және жарық шамдарын орнату жұмыстары биыл желтоқсан айында аяқталады.