Алдағы 3 күнде елімізде 45 градусқа дейін ыстық күтіледі
Алдағы 3 күнде елімізде 45 градусқа дейін ыстық күтіледі
© gov.kz
2,413
оқылды
"Қазгидромет" РМК 19-21 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. 
"Апта басында Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалында болады, содан кейін 20 шілдеден бастап  солтүстік-батыс циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің ықпалында болады. Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді. Батыста және оңтүстік-батыста, 20 шілдеден бастап орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 40-45 градус қатты ыстық күтіледі", – делінген хабарламада.