Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
Фото: vmnews.ru

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан үш ер адам қаза тапты. 

«Костанайские новости» порталының жазуынша, қайғылы жол апаты 17 шілдеде таңғы сағат 7.40-та Қостанай-Қарабұтақ тасжолының 56-шақырымында, Рудный мен Тобыл арасындағы айналма жолда болған.

«Nissan көлігінің жүргізушісі қатты жылдамдықпен келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Shacman жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан үш ер адам: жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты», – делінген ПД хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасы бойынша  Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін Оралда жол апатынан 8 адам қаза тапқан болатын.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.