Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан үш ер адам қаза тапты.  «Костанайские новости» порталының жазуынша, қайғылы жол апаты 17 шілдеде таңғы сағат 7.40-та Қостанай-Қарабұтақ тасжолының 56-шақырымында, Рудный мен Тобыл арасындағы айналма жолда болған.

«Nissan көлігінің жүргізушісі қатты жылдамдықпен келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Shacman жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан үш ер адам: жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты», – делінген ПД хабарламасында.
Жол-көлік оқиғасы бойынша  Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұған дейін Оралда жол апатынан 8 адам қаза тапқан болатын.