Түркістан облысында жас келіншек өз үйінде асылып қалды
Түркістан облысында жас келіншек өз үйінде асылып қалды
539
оқылды
Келесте жас келіншек өз үйінде асылып қалды, деп хабарлайды inform.kz. Оқиға 16 шілде күні болған. Келес аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем қызметі хабарласып, жас әйелдің өзінің тұрғын үйінің ауласында жіпке асылып қайтыс болғанын мәлім еткен.
«Аталған жайт сол күні ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Полицейлер мәйітті қарау барысында ешқандай зорлық белгілерін анықтаған жоқ» - дейді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Әбдіжаппарова.