Ел аумағында жол қауіпсіздігі айлығы басталды
Ел аумағында жол қауіпсіздігі айлығы басталды
268
оқылды
Қазақстанда 18 шілдеден бастап жол жүрісі қауіпсіздігі айлығы бастау алды, – деп хабарлайды Polisia.kz
"Ішкі істер министрлігі ел аумағында 18 шілдеден бастап жол қозғалысы қауіпсіздігіне байланысты шара өткізіп жатыр. Бұл профилактикалық шара жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүргізіліп, жол-көлік оқиғасы салдары мәселесіне назар аударуға бағытталған", - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, демалыс кезеңінде, мерекелік маусымда қалааралық және облысаралық қатынаста көлік қозғалысы артады.
"Әдетте, жол-көлік оқиғалары артады. Осыған байланысты полиция қызметкерлері көлік құралдарын, оның ішінде жолаушылар тасымалын тексеру мен патрульдік шараларды күшейтеді. Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бір ай ішінде өткізетін барлық іс-шара мақсаты - жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау", - деді Ішкі істер министрлігі өкілдері.