Асқазанына телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болған ер адам ұсталды
Асқазанына телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болған ер адам ұсталды
415
оқылды
Сотталушы асқазанына телефон жасырып кірмек болған.

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, УК-161/1 мекемесіне келген соң сотталушыға тексеру тобы қызметкерлері рентген аппаратынан өтуді ұсынған.

Соның барысында оның асқазанынан тыйым салынған зат табылған. «Рентген суреті сотталушының асқазанынан телефоннан басқа тырнақ алғыш та табылғанын көрсетті», - деп хабарлады ҚАЖД. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.