Әдебиет оқымайтын оқушы көп
Әдебиет оқымайтын оқушы көп
Бұл – бүгінгі күннің ең басты мәселесі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті де осы мәселе толғандыратын секілді. Ол мектептер тарапынан көркем әде­биет­ке сұраныс жоқ екенін айтып қалды. «Біз бала­лардың оқуға, кітапқа, әдебиетке деген махаб­ба­тын оятқымыз келеді. Бірақ оқу орындары мен мектептер көркем әдеби кітаптарды алғысы да келмейді. Керек десеңіз, қазір тиісті әдеби кітаптар­дың қоры да қал­май барады. Сол себепті бұл мәселені де назарға алайық», – дейді министр. Соңғы жылдары ауыл мек­теп­терінде кітапхана сиреп барады. Өйткені кітап оқитын оқушы жоқ. Сұраныс болмаған соң кітапхананың да қызығы болмай қалады. Ал балалардың кітап оқуға қызығушылығын смартфон алмастырған. Қазір телефонға телмірген заман болып тұр. «Бізде оқулықтарға тапсы­рыс беру жағынан проблема бар. Мектеп оқулық көлемі бо­йын­ша бір сұраныс, ал білім бас­қармасы немесе бөлімі екін­ші көлем бойынша сұраныс жолдайды. Себеп түсініксіз. Бәл­кім, бұл бағытта Шолпан Қари­нова арнайы мониторинг тобы­мен мәселені бақылауға алу керек болар. Тәуекел көп», – деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министр­лігінің аппараттық отыры­сында. Мектепте оқулық жетіспеу­ші­лігі де – жыл сайын қайта­ла­на­тын проблеманың бірі.  «Жыл сайын бізде оқулықтарды жет­кізу (мектептерге) бойынша проб­лема туындайды. Сол се­беп­ті осы жылдың 31 наурызына дейін мемлекеттік сатып алу жұмысын аяқтауды тапсыра­мын. Әдеттегідей, шілде немесе тамыз айларына дейін күтудің қажеті жоқ. Олай етсек, жыл сайын осы проблемамен бетпе-бет келе береміз. Бұл жұмысты 31 наурызға дейін атқаруға ештеңе кедергі келтіріп тұрған жоқ», – деді министр.   М.НҰРЛАН