Жантүршігерлік жол апаты: Маңғыстауда жүйткіген көлік түйені қағып кетті  
Жантүршігерлік жол апаты: Маңғыстауда жүйткіген көлік түйені қағып кетті  
Фото: ernur.kz
508
оқылды
Маңғыстауда жол апатынан үш адам зардап шекті. Түнделетіп жүйіткіп келе жатқан жеңіл көлік жолда түйені қағып кеткен, – деп хабарлайды КТК арнасы. Оқиға «Жетібай–Шетпе–Бейнеу–Доссор» тасжолының 207-шақырымында болған. Қараңғыда Lada көлігінің жүргізушісі түйеге соғылған. Салдарынан үш адам зардап шегіп, шұғыл ауруханаға жеткізілді. Науқастардың бірі үйіне жіберілсе, басынан жарақат алған бір азамат  нейрохирургия бөлімшесінде ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, 1989 жылғы үшінші науқастың жағдайы тым ауыр.
Маңғыстау облыстық ауруханасы  жансақтау бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Қойбеков: «Екі науқастың біреуі есін жиды. Оны нейрохирургия бөлімшесінде палатаға ауыстырды. Екінші науқастың жағдайы ауыр. Жарақаты көп. Мидың жабық жарақаты, өкпенің соғылу  жарақатын алған, жағдайы ауыр. «Травмотический шоктың» үшінші дәрежесі, келген кезде қан қысымы төмен болды», – дейді.
Кеше Оралда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 8 адам мерт болғанын хабарлаған болатынбыз.