«Рахман қайнары» мемлекетке қайтады
«Рахман қайнары»  мемлекетке қайтады
1,159
оқылды
Осы уақытқа дейін іздеу жарияланған Forbes тізіміндегі ең бай 50 кәсіпкердің қатарындағы қазақстандық Анатолий Балушкиннің мүлкі тәркіленуі мүмкін. Бұл туралы Экономика­лық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия өкілдері хабарлады. «11 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында БИПЭК компаниялар тобының акционері Анатолий Балушкинге қатысты іс бойынша прокуратура 77 жылжымайтын мүлікті (оның ішінде «Рахман қайнары», «Нұртау» және «Порт ФортунаС демалыс базаларын), сондай-ақ 1 мың бірлік жылжымалы мүлікті соталды тәркілеу туралы қолдаухатты сотқа жолдады» делінген хабарламада. Естеріңізде болса, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Азия Авто» көлік құрастыру компаниясына қарсы шағымы бойынша шешім шығар­ған еді. Сот «Азия Авто» компаниясын мемлекетке шамамен 174 миллиард теңгені қайтаруға міндеттеді.