Атырауда көлігімен 17 келі есірткі тасымалдаған ер адам ұсталды – видео
Атырауда көлігімен 17 келі есірткі тасымалдаған ер адам ұсталды – видео
Фото: Видеодан скриншот
329
оқылды
Атырауда ер адам көлігіне 17 келі марихуананы мұқият жасырған. Полиция департаментінің мәліметінше, аймақта «Қарасора» жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Полицейлер «Атырау – Ақтөбе» тасжолының 30-шақырымында Toyota Ipsum маркалы көлікті тоқтатқан. Көлікті тексеру кезінде жалпы салмағы 17 келі марихуана табылды.
«Дерек бойынша Атырау қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Аса ірі көлемде есірткіні көлігімен тасымалдаған жүргізуші ұсталды. Күдікті қамауға алынды», – деді департамент өкілі.
Өзге ақпарат ҚК-нің 201-бабына сәйкес, жариялауға болмайды.