Өткен тәулікте 1 450 адамнан коронавирус анықталды.
Бұл туралы Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 502, Алматы қаласында – 589, Шымкент қаласында – 31, Ақмола облысында – 24, Ақтөбе облысында – 4, Алматы облысында – 69, Жетісу облысында – 43, Атырау облысында – 32, Шығыс Қазақстан облысында – 6, Абай облысында – 2, Жамбыл облысында – 51, Батыс Қазақстан облысында – 5, Қарағанды облысында – 40, Ұлытау облысында – 13, Қостанай облысында – 2, Қызылорда облысында – 13, Маңғыстау облысында – 6, Павлодар облысында – 11, Солтүстік Қазақстан облысында – 2, Түркістан облысында – 5. Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 1 319 494-ке жетті.