Қазақстанда әскери дайындыққа шақыру басталды
Қазақстанда әскери дайындыққа шақыру басталды
Фото: donpress.com
722
оқылды
Қазақстанның Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов биыл 27 маусымдағы «2022 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы» бұйрыққа қол қойды.
«Министрдің бұйрығында республикалық ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары шаралары аясында биыл 1 500 әскери міндетті әскери жиындарға шақырылатыны жазылған», –  делінген ресми хабарламада.
Бұйрық 2022 жылғы 18 шілдеден бастап күшіне енді. Сондықтан әскери борышын өтеуге міндеттілерді әскери дайындыққа шақыру  18 шілдеден басталды. Бұған дейін Мемлекет басшысының қабылдауында болған Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Президентке әскердегі әлімжеттікті тыюға ерекше назар аударып отырғанын айтқан еді.