Талғарда 8 адамның арасында дау шығып, таныстар бір-бірін атып тастады
Талғарда 8 адамның арасында дау шығып, таныстар бір-бірін атып тастады
Фото: Instagram/kris_p_talgar
2,060
оқылды
Талғар ауданында өзара таныс 8 тұрғынның арасында дау шығып, соңы атысқа ұласқан, – деп хабарлайды Алматы облыстық  Полиция департаменті. Жанжалдасқан азаматтар суық қаруды пайдаланып, атысқан.  Оқиға салдарынан екі ер адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, олардың біреуі сол жерде қайтыс болды.
«Қазір  топтық қақтығыстың барлық қатысушылары анықталып, ұсталды. Негізгі айыпталушылар қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы  3-бөлігі (абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру іс-әрекеттері) және Қылмыстық кодекстің 293-бабы  3-бөлігі (атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып жасалған бұзақылық іс-әрекеттер) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін Түркістан облысында жүкті келіншек өз үйінде асылған күйі табылғанын хабарлаған болатынбыз.