Ақтауда жел бір отбасының 6 мүшесі отырған үрмелі матрасты теңізге алып кетті

Ақтау
© Маңғыстау облысы ТЖД

Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлері құтқару операциясын сәтті жүзеге асырды. Олар жағаға 2 ересек адам мен 4 баланы алып шықты, – деп хабарлады Lada.

187 шілдеде  "Солдатский" жағажайында төтенше жағдай бола жаздады. Үрмелі матрасқа отырған 6 мүшесі бар отбасын жел теңізге айдап алып кеткен. 2 ересек адам мен 2008, 2015, 2020 және 2021 балалар суда қалған.

«Олар құтқарылды және медициналық көмекке жүгінген жоқ», –  делінген хабарламада.

Бұған дейін Шымкентте 12 жасар қыз бала 1 жасар егіз бауырын өрттен алып шыққанын жазған болатынбыз.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.