Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке, сондай-ақ оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожинға қатысты қылмысты істі тергеп жатыр. Күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі 7 айға дейін ұзартылған. Кәрім Мәсімов пен Әнуар Садықұловқа – 2022 жылғы 6 тамызға дейін, Дәулет Ерғожинге – 2022 жылғы 13 тамызға дейін қамауда ұстауға шешім шықты. Жедел тергеу тобы Мәсімов пен өзге тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің мына баптары бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр:
- ҚР ҚК 175-бабы 1-бөлігі – "Мемлекетке опасыздық жасау";
- ҚР ҚК 179-бабы 3-бөлігі – "Билікті күшпен басып алуға бағытталған әс-әрекеттер";
- ҚР ҚК 218-бабы 3-бөлігі – "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру";
- ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігі – "Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану";
- ҚР ҚК 366-бабы 4-бөлігі – "Аса ірі көлемде пара алу".