Қызылорда облысында конго-қырым безгегінен 4 адам көз жұмды
Қызылорда облысында конго-қырым безгегінен 4 адам көз жұмды
Қызылорда облысында конго-қырым геморрагиялық безгегінен қаза болғанс тіркелді. Өңірде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиологиялық ахуалы өршіп тұр. Облыс бойынша 33 науқас тіркеліп, оның 14-і нақтыланған. Өкінішке қарай 4 адам конго-қырым геморрагиялық қызбасынан көз жұмды. Қайтыс болған науқастар – Қызылорда қаласы, Жалағаш, Шиелі аудандарының тұрғындары.
«Қазіргі таңда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен ауырып, 1 науқас ем алуда. Тиісті медициналық ем шаралары қолданылған 9 науқас қанағаттанарлық жағдайда үйлеріне шығарылды. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын болдырмау, алдын алу шаралары да көптеп жүргізілуде», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Мырзагелдіұлы.
Былтыр кене шағудың 238 жағдайы анықталса, биыл 601 дерегі тіркелген. Сонымен қатар кенелердің арасында ауру қоздырғышының анықталуы да өткен жылғыдан жоғары. Былтыр облыс бойынша 113 елді мекен қолайсыз аймақтар қатарында есептелсе, биыл олардың саны 116-ға жетті.