2028 жылғы жазғы Олимпиада қай қалада, қай айда өтеді?

2028 жылғы жазғы Олимпиада қай қалада, қай айда өтеді?

2028 жылғы жазғы Олимпиаданың өтетін мерзімі мен қаласы белгіленді, Байрақты спорт бәсекесі АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында 2028 жылдың 14-30 шілдесі аралығында өтеді. Ал Паралимпиада 15-27 тамыз күндеріне жоспарланып отыр.

Айта кетсек, Лос-Анджелес осыдан бес жыл бұрын 2028 жылғы жазғы Олимпиада астанасы ретінде анықтлды. Бұл қалада бұдан бұрын 1932 және 1984 жылдары аталған дүбірлі дода өткізілген болатын. Қалалар арасында Олимпиада ойындарын Лондон 3 рет қабылдаған. Ал ­Лос-Анжелесте, Парижде, Афинада екі-екіден жазғы ойындар өткізілген,

Әлемде Олимпиада ойындарын өткізген 41 қала бар. Оның 22-сі жазғы, 19-ы қысқы бәсекені қабылдады. Әлем жұртшылығы АҚШ-ты аталған сайыс­ты ең көп өткізген ел ретінде таниды. Онда 4 рет жазғы және 4 рет қысқы Олимпиада өткізілген. Еске салсақ, былтыр 2020 жылғы Токио Олимпиадасы өткізілді. Ал 2024 жылы дүбірлі дода Франция астанасы Париж қаласында жалауын көтереді.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.