Табысты арттыру тетігі

табыс

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ұйым­дастыруымен Түркістан облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған семинар-тренингтің екінші кезеңі өтті.

Кезекті толқынға Ордабасы, Сайрам, Созақ, Төлеби, Қазығұрт аудандары ауыл округтерінің әкімдері және партияның атқарушы хатшылары қатысты.

Дәріс барысында тәжірибелі бизнес-тренерлер аймақтың мамандануына қарай икемделген кәсіп түрлерін ашудың тәсілдерімен бөлісті. Семинардың соңғы күнінде бизнес-жобаның бюджетін анықтауға арналған сабақтар өтті. Үш күндік сабақта аймақтың мамандануын сауалнама жүргізу арқылы анықтаудан бастап, бизнес-жобаның дайындалып іске асуына дейін үйренген әкімдер енді білген-түйгендерін жұмыс барысында пайдаланады.

Семинарда 64 мемлекеттік қызметкер ауылды жерде бизнес-жоспарды жүзеге асырудың механизмдерін меңгеріп шықты.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.