Алматыда медициналық маска жетеді – министрліктің ресми жауабы
Алматыда медициналық маска жетеді – министрліктің ресми жауабы
Фото: Интернеттен алынды
Алматы қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала дәріханаларында медициналық маска жеткілікті. Денсаулық сақтау министрлігі дәріханаларда медициналық маскалардың жетіспеушілігіне байланысты алматылықтардың наразылығына жауап берді. Министрліктің мәліметінше, маскалар дәріханаларға күнделікті тұрақты жеткізіледі.
Алматы қалалық Денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова: «Маскалардың тапшылығын болдырмау мақсатында қала дәріханаларына үнемі мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі таңда мегаполисте маскалар саны жеткілікті. Медициналық мекемелерде 2 миллионнан астам және қосымша 1,3 миллион бір рет қолданылатын маскалар бар.
Dolce өндірушісі күніне 4 мың дана медициналық маска шығарады. Алматы қаласы бойынша оның қоры күн сайын жеткілікті деңгейде толықтырылады. Бүгінде бір аптаның тапсырысы орындалды. Апта ішінде дәріханаларды маскалармен толықтыру жоспарланды», – деді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Иран және Қырғызстанмен қосымша маскалар жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Медициналық масканың орташа құны – 20 теңге. Қаладағы дәріханаларда маска тапшылығы жоқ. Бір адамға қолға 20 дана маскадан сатылады.
Медициналық маска қымбаттаса немесе дәріханаларда тапшы болса алматылықтарға 8 (7272) 382-35-36, 382-33-50 нөмірлері бойынша қоңырау шалуына болады.