Ақтөбеде суға батып кеткен төрт адамның денесі табылды
Ақтөбеде суға батып кеткен төрт адамның денесі табылды
Фото: news.myseldon.com
Ақтөбеде бір тәулікте рұқсат етілмеген жерде суға шомылған төрт адам суға батып кетті. Құтқарушылар олардың денесін судан алып шықты. Бұл туралы облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады. Өрлеу ауылында бір үйдің 2006 және 2004 жылғы екі адамы суға батып кеткені жөнінде ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына дереу құтқарушылар жетті. Құтқарушылар дронның көмегімен 16 жастағы жасөспірім мен 18 жастағы азаматтың денесін тапты. Олар жағадан 13-15 метр қашықтықта 1,8-2 метр тереңдіктен шығарылды. «Кеше сағат 20.40-та Ақтөбеде суға түсуге жабдықталмаған орында 2 адамның суға батып кеткені жөнінде ақпарат келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнына барып, 19 және 20 жастағы азаматтың суға батып кеткенін анықтады. Құтқарушылардың күшімен олардың денесі жағадан 40 метр қашықтықта 5 метр тереңдіктен шығарылды», – деді құтқарушылар. Ақтөбе облысында суға түсуге рұқсат етілген 72 орын бар. Ал Ақтөбе қаласы бойынша 18 жағажай белгіленген. Құтқарушылар суға шомылғанда қауіпсіздік ережесін ескеруді сұрайды.