Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?
Фото: gov.kz

«Қазгидромет» 21-23 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Екі-үш күнде еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыс және оңтүстік циклон әсерінен ауа райы құбылмалы болады.

22 шілдеде шығыста нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай жарқылдап, жел күшейеді.

Республиканың батыс аймақтарында аптап ыстық басылады. Қазақстанның солтүстігінде күндіз ауа температурасы +23+28 градус аралығында болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Ауа температурасының шамалы төмендеуіне қарамастан, ол климаттық нормада сақталады.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.