Биыл 14 шілдеде астанада тұрғын үй кешенінде медицина саласының қызметкері лифтіде кіші дәрет сындырған. Оған қатысты «Ұсақ бұзақылық» (ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі) бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының соты хабарлады. Сот отырысы барысында құқық бұзушы К. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот К.-ны қоғамдық ортада әдепсіздік танытқаны және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша құқықбұзушылық жасағанына кінәлі деп танып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды. Сот 5 тәулікке қамауға алу түріндегі жазаны қоғамға теріс әсер ететін әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып, тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.