Алматыда қылмыстық топтан тікұшақ қонатын алаңы бар зәулім үй тәркіленді
Алматыда қылмыстық топтан тікұшақ қонатын алаңы бар зәулім үй тәркіленді
 2017 жылы соттың үкімімен жалған кәсіпкерлікпен ақшалай қаржыны қолма-қол айналдырғаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды. Алматы қаласының прокуратурасы шығарылған мемлекеттік активтердің заңдылығын тексерді.  Атап айтқанда, 86 жалған кәсіпкерлік ашып, қылмыскерлер 87 млрд теңгеден аса қаражатты қолма-қол айналдырып, 27,7 млрд теңгеге салық төлеуден жалтарған. Олар қылмыстық жолмен алынған қаражаттарын мүліктерді сатып алу арқылы заңдастырған. Соттың үкімімен қаладағы беделді ауданда орналасқан 1,3 мың ш/м жуық көлемде тұрғын үй құрылысы бар жалпы көлемі 1,4 гектар болатын екі жер телімі қайтарылды. Жерлердің біреуінде тікұшақ қонатын алаң  орналасқан. Ол объектінің шамамен нарықтық құны 1 млрд теңгені құраған. Сонымен қатар прокурорлар анықтағандай, қылмыскерлер мүліктерін тәркілеуден жалтарту үшін «пиғылды» жоспарларды жүзеге асырған.
"Осылайша, жер телімдері сотталғандардың біреуінің әкесінің иелігіне шығарылған. Кейін сот үкімін орындаудан жалтару үшін жылжымайтын мүлік төрт рет үлестес тұлғалардың арасында жер телімінің конфигурациясын өзгерту арқылы жүзеге асырылған. Жалған мәмілелерді жасау нәтижесінде мүлік қағаз жүзінде сотталғандардың біреуінің қызына қайтарылған. Бұдан бөлек, осындай «пиғылды» жоспарларды жүзеге асырып, мүлікті сақтап қалу үшін жер телімдерінің кезекті иелерінің бірі қасақана жалған некеге отырған", – делінген хабарламада.
Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасы аталған мәмілелерді, жалған неке туралы мәмілені заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінді. Жүргізілген  ауқымды сот процестері, сондай-ақ азаматтық істің апелляциялық сатыда қаралу нәтижесі негізінде қадағалау органының талап-арызы толығымен қанағаттандырылды. Жоғарыда қабылданған шаралар мемлекет пайдасына бағалы мүліктердің қайтарылуына негіз болады.