Доллар бағамы 0, 85 теңгеге қымбаттады

Доллар бағамы 0, 85 теңгеге қымбаттады
Фото: saryarqanews.kz

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 85 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 481, 20 теңге.

Ұлттық банктің 20 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 480, 36 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 482 теңге, сатып алу – 486 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 479 теңгеден болса, сатып алу құны – 483 теңге.

Ресей рублі 7,65-8 теңге аралығында саудаланып жатыр.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.