Доллар бағамы 0, 85 теңгеге қымбаттады

Доллар бағамы 0, 85 теңгеге қымбаттады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.  KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 85 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 481, 20 теңге. Ұлттық банктің 20 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 480, 36 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 482 теңге, сатып алу – 486 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 479 теңгеден болса, сатып алу құны – 483 теңге. Ресей рублі 7,65-8 теңге аралығында саудаланып жатыр.