Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына ұшып барды
Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына ұшып барды
767
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 21 шілдеде өтетін IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Ата қаласына (Қырғыз Республикасы) келді, –деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысын әуежайдан Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Қырғыз Республикасы транспорт министрі Эркинбек Осоев, Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев қарсы алды. Жиында Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан көшбасшылары әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық ахуалға байланысты өңірлік интеграцияның перспективаларын қарастырмақ. Саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.