Марапат иесін тапты: Есдәулет Дәуітбековке үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды
Марапат иесін тапты: Есдәулет Дәуітбековке үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды
1,849
оқылды
Бүгін жеке атаулы қайырымдылық қорының президенті Ғабит Тасмағамбетов жетінші қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарған 17 жасар Есдәулет Дәуітбековке үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Дәуітбековтер отбасы ұлы Есдәулеттің ерлігінің арқасында Қазақстанға танылды. 17 жастағы кейіпкер өз басын бәйгеге тігіп, батыл қадам жасап, бүлдіршінді өлім аузынан сақтап қалды.
«Мен Есдәулеттің ата-анасына ұлына лайықты тәрбие бергені үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Бүгінде бұл жігіт өзінен кейінгі інілері үшін ғана емес, келесі өскелең ұрпаққа да үлгі болып қала береді», –  деді Ғабит Сатмағамбетов.
Қайырымдылық қорының президенті жас батырға GPark компаниясына тиесілі «Урбан» тұрғын үй кешеніндегі құны 52 млн теңге болатын үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Есдәулет кәмелет жасқа толғанда үй толығымен оның атына көшеді.