Қазақстанда пікірсайыс қозғалысын дамыту Хартиясы қабылданды
Қазақстанда пікірсайыс қозғалысын дамыту Хартиясы қабылданды
1,585
оқылды
Қазақстанда мектеп оқушылары арасындағы пікірсайыс қозғалысын дамыту Хартиясы қабылданды. Құжат мемлекеттік институттар мен азаматтық қоғам өкілдерінің пікірсайыс қоғамдастығының проблемаларын шешуде күш-жігерін біріктіруге және мектептердегі оқу процесіне озық пікірсайыс технологияларын енгізуге ықпал етуге арналған. Хартияны «Жастар рухы», Қазақстан Жастар конгресі және Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан ірі пікірсайыс клубтары, жастар бірлестіктері мен ұйымдары, соның ішінде «Жеті жарғы» ҚҚ, «Алтын сапа» ПК, «Ритор» ПК және т.б. қолдады. Пікірсайыс Қазақстанда білім беру бағдарламасы ретінде өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасынан бастап енгізіле бастады. Халықаралық қоғамдық ұйымдардың қолдауымен еліміздің барлық өңірлерінде пікірсайыс қозғалысын дамытып, үйлестіретін Ұлттық пікірсайыс орталығы жұмыс істеді. Алайда 2000 жылдардың басында бұл ұйымдар өз қызметін тоқтатты. Нәтижесінде, мектеп лигасы орталық үйлестіруден айырылып, қалған мұғалімдер мен студент жаттықтырушыларға сүйене отырып, инертті әрі жүйесіз түрде дамыды. Пікірсайыс қозғалысының дамуындағы осы және басқа да көптеген мәселені  Хартия бастамашылары аймақтардағы пікірсайыс қауымдастықтарымен болған кездесу барысында анықтады.
«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты 20 жыл бойы республикалық пікірсайыс турнирін өткізіп келеді, өйткені біз үшін белсенділер арасында пікір алмасу өте маңызды. Бұл жолы біз Хартияны әзірлеуге қатыстық. Жастар қанатының барлық өңірлік филиалы да осы бағытта жұмыс жүргізетінін атап өткім келеді», – деді «Жастар рухы» төрағасы Нұржан Жетпісбаев.
Қазір  мемлекет елдегі пікірсайыс қозғалысын дамыту бойынша өз жұмысын бастады. Ендігі кезекте жастар ұйымдары мен университеттердегі пікірсайыс клубтары бұл жұмысқа белсенді атсалысуы қажет.
«Пікірсайыс білім беру технологиясы ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Көбінесе пікірсайыс қозғалысының түлектері өз елінің зияткерлік истеблишментін құрайды және өз салаларында күн тәртібін белгілейді. Бұл тәжірибе Қазақстанда да қалыптасқан, көптеген танымал журналистер, қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік қызметшілер пікірсайыс қозғалысының түлегі болып келеді. Сондықтан пікірсайыс қозғалысын одан әрі дамытуда мемлекетке көмектесуіміз қажет», – деді Елбасы академиясының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай.
Хартияға https://debatnayahartiya.elbasyacademy.kz/ сілтемесі арқылы қосылуға болады.