15 фильм жарыққа шықпады

15 фильм жарыққа шықпады

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметіне сүйенсек, соңғы бес жыл ішінде 150 фильм және 8 сериал түсірілуі керек еді. Бұған дейін 135 фильм, 8 сериал шығыпты. 12 жұмыс ұсынылмаған, ал үш фильм туралы ақпарат мүлдем жоқ. Өткен жылы 19 фильм тү­сіру жоспарланған еді. Оның 11-і жарыққа шықты, ал­тауы әлі пайдалануға бе­ріл­ген жоқ. Түсірілген фильм­дердің ішінде көркем фильмнің ұзақ­тығы – 100,5 минут, де­ректі фильм – 50,1 минут, ани­­­мациялық фильм – 37,7 ми­нут. Қысқаметражды фи­льм­­­дердің орташа ұзақты­ғы – 28,8 минут. 2019 жылы фильмдердің екі түрі түсірілген: ұзақтығы 117,4 минуттық көркем фи­льм мен орташа ұзақтығы 52,6 минуттық деректі фи­льм­дер. Бес жыл ішінде түсі­рілген фильмдердің ішінде 57 драма, 75 деректі және үш анимациялық фильм түсі­рі­ліпті. Ал 2019 жылы бір дра­­малық және жеті деректі фильм дүниеге келген екен. Үш фильмнің жанры туралы нақ­ты ақпарат жоқ. Қазақ тіліндегісі 71 фильм, орыс тілінде 58 фильм шы­ғыпты. Ағылшын тілінде төрт фильм, бір фильм екі тіл­де, яғни қазақ және орыс ті­лінде шыққан екен. Бір фи­льм туралы нақты  ақпарат кездеспеді. 2019 жылдың қаңтар-қыр­күйек айларында 41,2 млрд теңге сома­сын­да фи­­льм­дер мен бейне­фильм­дер, теледидар­лық бағдар­ла­малар, сон­дай-ақ фо­но­грам­малар мен музыкалық жазбалар өн­­дірісі бойынша қызмет көр­­­сетілген.   Г.БЕКЗАТ