ШҚО-да 3 жылқыны соққан көлік жүргізушісі қаза тауып, 4 жолаушы жарақаттанды
ШҚО-да 3 жылқыны соққан көлік жүргізушісі қаза тауып, 4 жолаушы жарақаттанды
Фото: turantimes.kz
805
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында жылқыға соғылған көлік жүргізушісі көз жұмып, 4 жолаушы жарақат алды,  – деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.  Жол апаты 20 шілде күні таңғы сағат 04.20-да республикалық маңызы бар Омбы-Майқапшағай тасжолының Жарма ауданындағы тұсында болған.
Tоyota Crown автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі үш жылқыға соғылған. Салдарынан жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды. Ал 4 жолаушы, атап айтқанда 48 және 25 жастағы екі әйел, 25 жастағы ер адам мен 1 жасар бала түрлі деңгейдегі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді, – делінген ақпаратта.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалып, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бұған дейін Алматы облысында көлігімен жылқыны қасақана таптаған ер адамның үйіне ауыл тұрғындары жиналғанын жазған болатынбыз.