Зираттан қару-жарақ қоймасы табылды

Зираттан қару-жарақ қоймасы табылды

Жамбыл облысының тәртіп сақшылары зираттан қару-жарақ қоймасын тапты.

Ресми мәліметке сәйкес, арнайы сөмкеде "АКС-74У" автоматы, екі оқжатары, 9 мм калибрлі "ME-38 Marchal" травматикалық револьвері, 1 жарық-шулы граната, 5,45 мм калибрлі 11 оқ дәрi, 9 мм калибрлі 38, 12 калибрлі 2 және 5,45 мм калибрлі 8 оқ дәрi болды.
Барлығы сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.