Екі қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионы атанды
Екі қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионы атанды
Қазақстандық ауыр атлет Едіге Емберді 17 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионы атанды, деп хабарлады Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
«Едіге Емберді 73 келіге дейінгі салмақта 309 келі нәтиже (жұлқи көтеруден – 136, серпе көтеруден – 173) көрсеткен спортшымызға тең келер ешкім болмады», - делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
Сонымен қатар, серпе көтеруде және жиынтық есепте жастар арасында Азия рекордын жаңартты. 67 келіге дейінгі салмақта Әлішер Байбуров 17 жасқа дейінгі Азия чемпионы және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.