Португалиядағы аптап ыстықтан 1000-нан астам адам қайтыс болды
Португалиядағы аптап ыстықтан 1000-нан астам адам қайтыс болды
310
оқылды
Португалия қатты аптап ыстықтан 1000-нан астам адам қаза тапты, - деп хабарлайды  Reuters агенттігі. Португалияда өткен аптада ауа температурасы +40 градустан асқан. Соңғы бірнеше күнде қайтыс болғандар саны азайғанымен, елдің бас денсаулық сақтау дәрігері Граса Фрейтас жылдың осы уақытында олардың қалыпты деңгейден жоғары екенін айтты. Португалия бұған дейін 7-13 шілде аралығында аптап ыстықтан 238 адам қайтыс болғанын хабарлады, бірақ Фрейтастың айтуынша, 18 шілдеге дейінгі кезеңде қаза тапқандар саны 1063-ке жетті. 17 шілдеде Мадридте ауа температурасы +39°С-қа дейін көтерілді. Елдің шығысындағы Дон Бенитода рекордтық +43,3°С тіркелді. Испанияда 16 шілдедегі жағдай бойынша кем дегенде 360 адам қайтыс болды. Оның ішінде Мадрид провинциясында 22 адам қайтыс болды, біреуі 60 жастағы тазалықшы жұмыс орнында көз жұмды. Тағы бір 50 жастағы ер адам аптап ыстықтан көшеде көз жұмды. Дәрігерлер зардап шегушіге көмек көрсете алмаған, дене қызуы +40°С дейін көтерілген. Метеорологтар аптап ыстықтың ұзаққа созылатынын болжайды