11 ақпанда Алматыда «Алтын қалам» әдеби жүлдесі аясында әдеби «Оскар» сыйлығы табыс етілді. Аталған сыйлық бүгінгі заман әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосқан қаламгерлерге беріледі. Жеңімпаздар Әлемдік экономика және саясат институтының әлеуметтанушысы Айман Жүсіпова жетекшілік еткен әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша анықталды. Зерттеуге әдебиет, ғылым, бизнес саласындағы беделді 70-тен астам сарапшы қатысып, қазақстандық әдебиеттің даму барысы мен бүгінгі кітап нарығының жағдайына байланысты жеке пікірлерін білдірді. Сонымен:
1. Жылдың үздік баспасы – Досым Сәтпаев. 2. Жылдың әдеби дебюті – Ержан Рашев. «Человек на балконе. Дневник алматинского лазура». 3. Кiтап like (оқырмандар таңдауы) – «Черная звезда». Авторы Юрий Серебрянский, Бакытжан Момышулы. 4. Әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік шығарма – «Живая память. Сталинизм в Казахстане – Прошлое. Память. Преодоление». Коллективная монография. 5. Жылдың үздік меценаты (Әдебиетке көрсеткен қолдауы үшін) – Досым Сәтпаев.Жеңімпаздарға сыйлық ретінде таңдап алынған мүсінде білім мен күш-қуаттың символы ретінде кітапты басынан жоғары көтерген әйел бейнеленген. Бұл мүсін «Эльдани» қайырымдылық қорының сәндік-қолданбалы шеберханасында дайындалды. Ерекше шеберхананы мүмкіндігі шектеулі жандар ашып отыр. Марапаттау шарасында ұйымдастырушылардың бірі Кенже Жұманұлы қазіргі заманауи әдебиет өміріміздің, тұрмыс-тіршілігіміздің айнасы екенін, әдеби «Оскар» қаламгерлер үшін мәртебе әрі қолдау болатынын атап өтті. «Осымен үшінші рет символикалық марапатымызды табыстай отырып, біздің тұрақты демеушілеріміз бен серіктестерімізге алғысымызды білдіреміз», – деді Кенже Жұманұлы. Ж.НҰРЛАНҰЛЫ