Буаз биені көлікпен әдейі таптаған ер адам 10 күнге қамауға алынды – видео
Буаз биені көлікпен әдейі таптаған ер адам 10 күнге қамауға алынды – видео
Фото: yandex.kz
4,089
оқылды
Алматы облысы Қосөзен ауылының 38 жастағы тұрғыны жылқыны әдейі көлікпен таптаған. Жылқыға қиянат жасаған ер адам 10 күнге қамалды, – деп хабарлайды КТК арнасы. Жылқыға қасақана жасалған қиянатқа ауыл тұрғындары өре түрегеліп, наразылық білдірді. Осыдан 4 күн бұрын Қосөзен ауылының 38 жастағы тұрғыны жол талғамайтын көлігімен буаз биені қасақана таптаған. Бұл әрекетін жылқының ауласына жиі кіріп, бау-бақшаны таптап кете берген соң «жүйкем тозды» деп түсіндірген. Осы оқиғадан кейін ауыл тұрғындары жазықсыз малды өлтірген адам бостандықта жүр деп шу шығарды. Сот жылқыны таптаған тұрғынды 10 күнге қамау туралы шешім шығарды.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KRIS | P | ALMATY (@kris.p.almata)

Бұған дейін Көлігімен жылқыны қасақана таптаған ер адамның үйіне ауыл тұрғындары жиналғанын хабарлаған болатынбыз.