Кешеден бері магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу жүріп жатыр, – деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы. Бірінші күні тестілеуді 4 612 адам тапсырды. Кешенді тестілеудің сертификатын жеке кабинеттің «Менің іс-әрекетім» бөлімінен жүктеп алуға болады. Апелляцияға келіп түскен өтініштер 5 күн ішінде қарастырылады.
«Апелляцияға қатысты сұрақтар бойынша 8 (7172) 69-52-66 нөміріне хабарласу керек. Нәтижесі тест тапсырушының жеке кабинетінде көрсетіледі», – делінген хабарламада.