BIR TOLQYNDA алаңында Жаңа Қазақстанның жастарына арналған басымдықтар талқыланды
BIR TOLQYNDA алаңында Жаңа Қазақстанның жастарына арналған басымдықтар талқыланды
© Георгий Копылов
292
оқылды
“AMANAT” партиясының Орталық аппаратында «Жастар рухы» жастар қанаты іске қосқан BIR TOLQYNDA диалог алаңының отырысы өтті. Сарапшылар Жаңа Қазақстан жастары үшін үш басымдық саналатын білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм тақырыптарын талқылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы үш басымдықты жастар ұйымының кезектен тыс VI сьезінде делегаттарға жолдаған бейнеүндеуде айқындап берді.  Диалог алаңының отырысына қатысқан “AMANAT” партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек жастар әрдайым оң өзгерістердің сенімді серігі саналатынын атап өтті. [caption id="attachment_206795" align="alignnone" width="1200"]BIR TOLQYNDA © Георгий Копылов[/caption]
«Президент ел жастарына арнаған үндеуінде өскелең ұрпақтың басты құндылығы еңбексүйгіштік, терең білім, отаншылдық болуы тиіс екеніне ерекше тоқталды. Елді көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар алға бастайды. Аянбай еңбек етіп, адал табыс табатын әрбір адам қоғам, мемлекет дамуына үлес қосады. Бұл – ақиқат. Осы құндылықтарды жас буынның бойына сіңіріп, олардың жаңа трендіне айналдыру мақсатында ертеңнен бастап еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі жобаларды жүзеге асырамыз. Диалог алаңдарын ұйымдастырамыз», – деді Дәулет Кәрібек.
Өз кезегінде, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек отандық ғылымды дәріптеу осы күннің өзекті міндеті саналатынын атап өтті. [caption id="attachment_206797" align="alignnone" width="1200"]BIR TOLQYNDA © Георгий Копылов[/caption]
«Президент өз үндеуінде білімге деген ұмтылыс туралы айта келіп, болашақтың кілті цифрлық технология мен инновацияда екенін жеткізді. Сондықтан ғылымды жастар үшін тартымды ету, ал ғылыми қызметті биік мансапқа бастайтын трамплинге айналдыру – аса маңызды», – деп атап өтті министр.
Мәжіліс депутаты, “AMANAT” партиясы фракциясының мүшесі Юлия Кучинскаяның айтуынша, өмірдің барлық саласы терең трансформациядан өтіп жатқан дәуірде іргелі құндылықтар аса маңызды орын алады. [caption id="attachment_206798" align="alignnone" width="1200"]BIR TOLQYNDA © Георгий Копылов[/caption]
«Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің бейнеүндеуінде де айтқан болатын. Патриотизм – бұл адамның арқауы, оның өзін-өзі тануы және әлемде өз орнын таба білуі. Білім мен еңбекқорлыққа ұмтылу – өз жоспарыңды жүзеге асыру мен жетістікке жетудің негізі. Мемлекеттік саясаттың бүгінгі міндеті – еліміздің қалалары мен ауылдарында, өңірлерінде тұрып жатқан жастардың жағдайы мен өмір сапасындағы сәйкессіздіктерді азайту», – деді депутат.
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Даниловтың айтуынша, қазір патриот әрі бейжай қарауды білмейтін ұрпақтың уақыты келді. [caption id="attachment_206799" align="alignnone" width="1200"]BIR TOLQYNDA © Георгий Копылов[/caption]
«Мен үшін патриотизм дегеніңіз - ұғынықты, бұлжымайтын, ауқымы кең дүние. Болған жағдайға, мәселен әділетсіздіке немқұрайлы қарамау деген сөз. Ал бейжай қарай алмау – өмір шындығына айналуы тиіс жастардың идеясы мен істері», – деп қосты спикер.
Кездесу модераторы болған «Жастар рухының» төрағасы Нұржан Жетпісбаев партияның жастар қанаты Қазақстанның болашағына қатысты жауапкершілікті толық сезінетінін мәлімдеді. [caption id="attachment_206801" align="alignnone" width="1200"]BIR TOLQYNDA © Георгий Копылов[/caption]
«Өзін-өзі тұрақты дамыту, білім алуға ұмтылу – қазіргі заман азаматы үшін аса қажет қасиеттер. Бүгінде өзгерістер өте жылдам жүріп жатыр. Сондықтан жаңа заман жастары әлеуметтік тұрғыда икемді болуы қажет. Яғни, қосымша білім алуға, жаңа мамандықты игеруге жылдам бейімделу маңызды. Ал «Жастар рухы» еліміздің ең ірі жастар ұйымы ретінде өскелең ұрпақтың өзекті мәселелерін шешу үшін бар күш-жігерін, әлеуетін жұмсайды», – деді Нұржан Жетпісбаев.
Талқылауға Мәжіліс депутаттары, Үкімет мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар ұйымдарының көшбасшылары және тағы басқалар қатысты.