Қазақстандағы жеңіл атлетиканың дамуына кениялық атлеттер көмектесе ме?
Қазақстандағы жеңіл атлетиканың дамуына кениялық атлеттер көмектесе ме?
578
оқылды
26 жастағы Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында 3 мың метр қашықтыққа кедергімен жүгіруден алтын медаль алды. Бұл - жеңіл атлетика бойынша ел тарихындағы әлем чемпионатында жеңіп алған алғашқы алтын. Жеңіл атлетикадан Юджиндегі (АҚШ) әлем чемпионатында Қазақстанның атынан үш кениялық атлет қатысты. Қазақстан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында алғаш рет алтын медаль иеленді. Аталған спорт саласында алғашқы алтынды бізге Нора Джеруто есімді желаяқ сыйлады. Нора Джеруто [caption id="attachment_206805" align="alignnone" width="1200"]жеңіл атлетика © REUTERS[/caption] Джерутоның өнерін бақылап жүрген спорт эксперттері оның Юджинде өтетін чемпионатта алтын медаль иегері атануы мүмкін екенін бұған дейін болжаған. Нора Джеруто Қазақстанға келмей тұрып, Африка чемпионаттары мен әлемдік жарыстардың жүлдегері болған. Ол: 2016 жылы 3 000 метр қашықтыққа кедергімен жүгіруден Африка чемпионы; 2011 жылы Лилль қаласында (Франция) өткен әлем чемпионатының жасөспірімдер арасында 2 000 метрге кедергімен жүгіру бойынша алтын медаль иегері;  2017 жылы Ослода (Норвегия) өткен Diamond League кезеңінің 3 000 метр қашықтыққа жүгіруден алтын жүлдегері. 2022 жылы маусымда тағы да Diamond League жеңімпазы атанды.   Кениялық желаяқтар Қазақстанға қалай келді? 2018 жылдың қысында төрт спортшы мен жаттықтырушы Итен қаласынан (Кения) Нұр-Сұлтанға қоныс аударды. Джеруто және тағы екі кениялық атлет Дэйзи Джэпкимэй, Каролин Кипкируи Кения құрамасына ене алмағандықтан, Қазақстанға келген. Алғашқыда атлеттер ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Өскемендегі Altay Athletics клубына шақырған. Спортшылар Өскеменге келіп Қазақстан азаматтығын алған. Алайда Әлемдік жеңіл атлетика ұйымының ережесіне сәйкес, азаматтығын ауыстырған атлеттер үш жылдан соң ғана жаңа ел атынан жарысқа қатыса алады. Сөйтіп, олар тек биыл қаңтар айында Қазақстанның атынан әлемдік сайыстарға қатысуға рұқсат алған. Экс-кениялық атлеттерді өздерімен бірге келген жаттықтырушы Кеннет Ротич жаттықтырады.   Кениялық желаяқтардың жетістіктері Каролин Кипкируи жеңіл атлетика 2011 жылы Лилльде (Франция) өткен жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының 3 000 метрге жүгіруден қола жүлдегері; 2017 жылы Ботсванада жасөспірімдер арасында өткен Африка чемпионатының 5 000 метрге жүгіру жарысының жеңімпазы; 2012 жылы Барселонада (Испания) өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының бесінші орын иегері; 2018 жылы Дохада өткен (Катар) Diamond League кезеңінде 3 000 метр қашықтықта жүгіруден алтын медаль иегері.   Дэйзи Джепкемей   жеңіл атлетика 2012 жылы Барселонада жасөспірімдер арасында өткен чемпионаттың алтын жүлдегері; 2013 жылы Донецкте (Украина) жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатының күміс медаль иегері; 2018 жылы Шанхайда (Қытай) ересектер арасында өткен Diamond League кезеңінің қола жүлдегері.   Шадрак Кимутаи Коеч жеңіл атлетика Кения чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері; Қазақстанда жеңіл атлетикадан өткен чемпионаттардың жеңімпазы.   Легионерлер Қазақстандағы жеңіл атлетиканың дамуына септігін тигізе ме? Легионерлердің елдегі жеңіл атлетиканың дамуындағы рөлі жайлы пікір сан алуан. Бірі оларды шақыру артық шығын деп есептесе, келесі бір бөлігі жеңіл атлетиканың бұқаралық сипатын арттыруда олардың көмегі тиеді деп есептейді. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының басшысы Павел Кукин кениялық желаяқтар отандық атлеттердің нәтижесін жақсартуға, балалардың жеңіл атлетикаға қызығушылығын арттыруға ықпал етеді деп санайды. Ал спорт комментаторы Сергей Райлян кениялық атлеттердің жетістігі Қазақстандағы жеңіл атлетиканың дамуына көмектеспейтінін айтады.
«Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы кениялықтарды жай ала салды. Джеруто әлем чемпионатында алтын алса да балалар жаппай жеңіл атлетика секциясына жазылмайды. Бізде жеңіл атлетикаға арналған инфрақұрылым жоқ. Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы манеж, астанада жабық манеж ашылды. Халықаралық жарыс өткізуге тек Алматыдағы орталық стадион жарайды. Балалар қайда жаттығады? Жаттығатын жері жоқ», – деді спорт комментаторы.