Алматы прокуратурасы Мамайдың қорғаушысы қылмыстық процеске неге қатыса алмайтынын айтты
Алматы прокуратурасы Мамайдың қорғаушысы қылмыстық процеске неге қатыса алмайтынын айтты
386
оқылды
Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Алматы қаласының прокуратурасы Жанболат Мамайға қатысты қылмыстық іс бойынша Инга Иманбайды қорғаушы мәртебесінен заңсыз айырғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Осыған байланысты қадағалау органы түсініктеме берді. Алматы қаласының прокуратурасы Қылмыстық-процестік кодексінің 94-бабына сәйкес егер қорғаушы бұрын іске куә ретінде қатысқан болса, қылмыстық процеске қатыса алмайтынын мәлім етті.
«И.Иманбай Алматы қаласы Полиция департаментінде тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша қорғаушы мәртебесіне ие болған. Ал прокуратурада қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша куәгер мәртебесіне ие. Қазіргі уақытта бұл қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген. Осыған байланысты заң нормаларын басшылыққа ала отырып, И.Иманбай қорғаушы мәртебесінен айырылады. Ол осы шешімге белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы»,- деп хабарлады ведомстводан.
Прокуратура өкілдері, И.Иманбай жұбайы ретінде кездесулер алу үшін тергеушіге жүгінуге құқылы екенін атап өтті.