Қостанайлық жүргізуші TikTok-тағы видеодан кейін ұсталды
Қостанайлық жүргізуші TikTok-тағы видеодан кейін ұсталды
573
оқылды

TikTok әлеуметтік желісінде жүргізушінің полиция қызметкерлерін балағаттап жатқан видеосы пайда болды. Mercedes-Benz көлігінің иесі өзін тоқтатқан тәртіп сақшыларына дөрекі және әдепсіз сөздер айтқан. 

Полиция қызметкерлері оны қалалық жағажай аумағында ұстаған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, заңбұзушылықты тіркеу кезінде ер адам оларды балағаттап, оқиға орнынан қашуға әрекеттенген.

"Қостанай қаласының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы бойынша "Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау", ҚР ҚК-нің 378-бабы "Билік өкілін қорлау" бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сондай-ақ, тіркелген екі дерек бойынша соталды тергеу басталды", - деді Полиция департаменті өкілдері.