Түркістан қаласында шағын автобус баланы басып кетті. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды. Облыстық полиция департаменті жол апатының Түркістан қаласындағы Тоқаш Бокин көшесінде болғанын растады. 20 шілде күні сағат 14:30-дың шамасында қалалық полиция бөліміне хабар түскен. Полицейлер тексеріс жасап, баланың жолды белгіленбеген жерден кесіп өткенін анықтады.
"Жасөспірім бірден ауруханаға жеткізіліп, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Қазіргі таңда жәбірленуші үйіне қайтарылған. Жасөспірімнің дене жарақатына байланысты медициналық сараптама тағайындалды", - дейді полицейлер.