Әлімханұлы жаңа мәлімдеме жасады
Әлімханұлы жаңа мәлімдеме жасады
419
оқылды
Бүкіләлемдік бокс ұйымы орта салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андрадені белбеуін Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекте қорғауға міндеттеген болатын. Бүгін Жәнібек Әлімханұлының командасы WBO талабына қатысты пікір білдірді.
«WBO шешімі шықты. Андрадемен келіссөзге 30 күн уақыт берді. Күтейік, олар не дейді екен! Біз дайынбыз! Ескі оқиға жаңа датамен қайта басталды», - деп жазды қазақстандық боксшы instagram желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, егер тараптар келісе алмаған жағдайда промоутерлік сауда белгіленеді. Әлімханұлы WBO ұйымының уақытша чемпионы. Бұл белбеуді Жәнібек британиялық Дэнни Дигнуммен айқаста жеңіп алған.