2346 ауыл әкімі оқытылды
2346 ауыл әкімі оқытылды
268
оқылды
Премьер-Министрдің орын­ба­сары Ералы Тоғжановтың тө­р­а­ғалығымен «Халықтың та­бы­­сын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсенің отырысы өтті. «AMANAT» партиясымен бірлесіп іске асырылып жатқан «Ауыл ама­наты» бағытының шеңберінде Жам­был облысын үлгі ете отырып, «Ауыл халқының табысын арттыру» жобасын жүзеге асыру тәжірибесін барлық өңірде қолдану көзделеді. Жобаның шарттары – халыққа 2,5 пайыздық мөлшерлемесінде несие беру арқылы ауылдық округтегі кәсіпкерлікті ке­шенді дамыту және оларға қызмет көрсететін сервистік-дайындау коопе­ра­тивін құру. Отырыс барысында «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиев «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру кезеңдері, соның ішінде жобаны жүзеге асыру тетіктерін же­ңіл­­дету мақсатында заңнамаға өз­герістер енгізу жөніндегі жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар ол 2346 ауылдық округтің әкімі жоба бойынша жұмыс істеудің негізгі мақ­саттары мен ережелерін меңгеріп, оқуын аяқтағаны туралы хабардар етті. Өз кезегінде Атырау және Ұлытау облыстарындағы ауылдық округ­тердің әкімдері Рафиғат Тәжіденова мен Дулат Сүлейменов жобаны тиімді іске асыруға бөгет болып отырған ке­дергілер туралы айтып берді. «Тараз» ӘКК Басқарма Төрағасы Дәулет Әбілқайыров «Тараз» ӘКК» АҚ сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметтерді іске асыру және коопера­тивтерді құру тәжірибесі жөнінде баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша, Ералы Тоғжанов облыс әкімдіктеріне «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға қажетті инфрақұрылымды қалып­тастыру жұмысын бюджет қаражаты бөлінбей тұрып аяқтауды тапсырды.