Сенімге селкеу түспесін
Сенімге селкеу түспесін
Фото: yandex.kz
Қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына қаншалықты сенетінін анықтау үшін жүргізілген зерттеудің қорытындысы жарияланды. Сауалнамаға қатысқандардың 58,3 пайызы тұрғылықты жерінде, далада серуендеу кезінде өзін толық қауіпсіз сезінетінін айтқан. Былтыр қараша-желтоқсанда мұндай азаматтардың үлесі 58,8 пайыз, ал бір жыл бұрын 60,6 пайыз болған. Өзін қауіпсіз сезінбейтіндердің үлесі бір жылда 37,8 пайызға, ал өзін толық қауіпсіз сезінбегендер 2,7 пайызға дейін төмендеген. Респонденттердің 0,7 пайызы өз қауіпсіздігі туралы сұраққа жауап беруге қиналған. Сауалнама қорытындысына сәйкес, ер адамдардың 62 пайызы және әйелдердің 55 пайызы өзін толық қауіпсіз сезінген. Ал әйелдердің 40,6 пайызы және ерлердің 34,6 пайызы өзін қауіпсіз сезінбейтінін айтқан. 2022 жылы құқық қорғау органдарына толық сенбейтіндердің үлесі сәл-пәл артқан. Ал қылмыс деңгейі төмендеді деп есептейтін азаматтардың үлесі 40 пайыздан 40,9 пайызға дейін өсті. Қылмыс деңгейінің өзгеріссіз қалғанын айтқан респонденттердің үлесі 34,4 пайызды құрады.