Жоғарғы Сот алдында өзін-өзі өртемек болған ер адам 5 тәулікке қамауға алынды

Жоғарғы Сот алдында өзін-өзі өртемек болған ер адам 5 тәулікке қамауға алынды
Фото: azh.kz

Биыл 20 шілдеде М. есімді азамат Жоғарғы Сот ғимаратының алдында үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеуге оқталған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады.

Оған қатысты «Ұсақ бұзақылық» (ӘҚБтК-нің 434-бабы1-бөлігі) бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

М.-нің түсініктемесі бойынша, ол Түркістан облысының бірінші сатылы сотында бүгінгі күні қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша жәбірленушінің ағасы екенін айтқан.

Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот М.-ді  ӘҚБтК-нің 434-бабы1-бөлігі бойынша құқықбұзушылық жасағанына кінәлі деп танып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды.

Сот жазаны қоғамға теріс әсер ететін қасақана жасалған әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.