Павлодар облысында 42 жастағы тұрғын 11 жылқыны ұрлаған, – деп жазады Polisia.kz. Кеше 20 шілдеде полицияға Павлодар облысының 41 жастағы тұрғыны арызданды. Ол 11 бас жылқысы ұрланғанына шағымданған. Шығын көлемі – 4 700 000 теңге. Жайылымда қараусыз жүрген жылқыларын иесі 6 күн бойы іздеп таппаған. Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде күдікті ретінде Павлодар ауданының 42 жастағы тұрғынын ұстады. Факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.